Четверг, 08 Октября 2026

Қонаевта шегірткеге қарсы күрес күшейді: биыл 11 мың гектардан астам жер өңделеді

Қонаевта шегірткеге қарсы күрес күшейді: биыл 11 мың гектардан астам жер өңделеді

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Биыл зиянкестермен күрес ауқымы өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам ұлғайып отыр.

Қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік нысандарға қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2026 жылы жалпы 11 475 гектар жер алқабына химиялық өңдеу жүргізіледі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4 975 гектар болған.

Негізгі қауіп төндіріп отырған италиялық прусқа қарсы өңдеу Шеңгелді ауылдық округінде 5 680 гектар аумақты қамтиды. Оның 3 200 гектары авиация арқылы, 2 480 гектары жерүсті техникасымен дәріленеді.

Ал үйірсіз, яғни жекелей таралатын шегірткеге қарсы 5 795 гектар жер өңделмек. Мұнда 4 мың гектарға әуе арқылы, 1 795 гектарға арнайы жерүсті қондырғыларымен химиялық препарат себіледі.

Қазіргі таңда жұмыстар басталып кетті. Шеңгелді аумағында 495 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Атап айтқанда, «Арыстан», «Абжалил», «Өмір» шаруа қожалықтарының егістік және жайылымдық жерлері дәріленді.

Химиялық өңдеу жұмыстары мамыр-шілде айлары аралығында кезең-кезеңімен жалғасады. Өңделген аумақтарда сақтық шараларын сақтау қажет.

Другие новости

Рыбная ферма с туристическим размахом

Рыбная ферма с туристическим размахом

Еще несколько лет назад разведение товарной рыбы в...

  07.10.2026   113
В Казахстане увеличилось производство и экспорт риса

В Казахстане увеличилось производство и экспорт риса

В январе-августе 2026 года в Казахстане произведен...

  07.10.2026   128
Семейное дело расцвело

Семейное дело расцвело

Для владелицы тепличного хозяйства в Панфиловском...

  07.10.2026   130
По своему особому рецепту

По своему особому рецепту

Более 85 наименований продукции и до 30 тонн полуф...

  07.10.2026   134
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.