Пятница, 23 Октября 2026

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бастап облыс бойынша барлығы 14 471 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 8 336-сы – тұрақты, ал 6 135-і – уақытша жұмыс орындары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысы еңбек мобилділігі орталығы басшысының орынбасары Дархан Ердаулетов баяндады.
Облыста халықты жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бастап облыс бойынша барлығы 14 471 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 8 336-сы – тұрақты, ал 6 135-і – уақытша жұмыс орындары.
- Тұрақты жұмыс орындарына 7 080 жұмыссыз азамат орналастырылды. Бұл халықты тұрақты жұмыспен қамту және азаматтардың табысын арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді, - деді Дархан Арыстанбекұлы.
Белсенді жұмыспен қамту шаралары аясында 7 808 азамат субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына жіберілді. Оның ішінде: жастар практикасына – 489 адам; қоғамдық жұмыстарға – 5 970 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 759 адам; «Күміс жас» жобасы бойынша – 590 адам жолданды.
Спикердің айтуынша, жұмыссыз азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда жаңа мамандық алу, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша 494 жұмыссыз азамат білім алуда.
- Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бастау Бизнес» онлайн оқыту жобасы бойынша 1 622 жұмыссыз азамат оқып жатыр. Бұл бағдарлама азаматтардың өз кәсібін ашуына және жаңа жұмыс орындарын құруына мүмкіндік береді, - деді спикер.
Дархан Арыстанбекұлының мәліметінше, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі де ерекше бақылауда. Квоталанған жұмыс орындары арқылы жыл басынан бері 58 мүгедектігі бар адам, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 24 азамат және пробация қызметінің есебінде тұрған 46 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Одан бөлек, басым санаттағы жұмыссыз азаматтармен жүргізілетін жұмыстар тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарында 16 785 басым санаттағы жұмыссыз азамат тіркелді. Оның ішінде 1 569 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, ал 3 849 адам белсенді жұмыспен қамту шараларына жолданды.

Другие новости

Забота творит чудеса

Забота творит чудеса

Более тысячи детей с особыми потребностями посещаю...

  21.10.2026   203
Сила добрых дел

Сила добрых дел

День Республики - повод вспомнить историю независи...

  20.10.2026   204
«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

Іле ауданында облыстық инклюзивті фестиваль екінші...

  19.10.2026   246
Семья – основа всех основ

Семья – основа всех основ

На днях Карасайский район посетили члены Комиссии...

  16.10.2026   229
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.