Суббота, 03 Октября 2026

«Таза бейсенбі» акциясы Талғарда өтті

«Таза бейсенбі» акциясы Талғарда өтті

Талғар ауданында «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Бұл жолы тазалық жұмыстары Талғар қаласының орталық бөлігінде, екі колледж бен аудандық аурухана маңында өтті. Күнделікті адам көп жүретін осы аумақта тұрмыстық қалдықтың жиналып қалғаны байқалды.

Акцияға 60-тан астам адам – партия мүшелері, мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық қызмет өкілдері, "Іле Алатау ұлттық паркінің" ұжымы мен қала тұрғындары қатысты.

Нәтижесінде шамамен 1,5 шақырым аумақ қоқыстан тазартылып, 3 тоннадан астам қалдық арнайы полигонға шығарылды. Тазалық жұмыстарына екі арнайы техника жұмылдырылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай акциялар тек бір реттік шара емес, қаладағы санитарлық мәдениет пен тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс болуы тиіс.

Другие новости

Сегодняшний порядок — завтрашняя привычка

Сегодняшний порядок — завтрашняя привычка

Любая работа по благоустройству имеет смысл тогда,...

  02.10.2026   122
Когда общее дело объединяет

Когда общее дело объединяет

Программа «Таза Қазақстан» объединяет людей разных...

  02.10.2026   109
Порядок требует ежедневной работы

Порядок требует ежедневной работы

Навести порядок на территории можно за несколько ч...

  02.10.2026   96
Когда чистота становится заметной

Когда чистота становится заметной

Первое впечатление о любом населенном пункте склад...

  02.10.2026   113
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.