Четверг, 08 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІР КҮНДЕ 64 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІР КҮНДЕ 64 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

13 тамызда Іле ауданында кезекті сенбілік өтті. Оған 3 011 адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары ауданның елді мекендеріндегі көшелерді, қоғамдық орындар мен өзге де аумақтарды қамтыды. Нәтижесінде бір күнде 25 гектар жер тазартылып, 64 тонна қоқыс шығарылды.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедғаріп Құрманғалиевтің айтуынша, мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – бір күндік тазалық шарасын өткізу ғана емес, елді мекендерде тазалық мәдениетін қалыптастыру.

— Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бұл – баршаға ортақ жауапкершілік. Сенбілік барысында тұрғындарымыз бен мекеме қызметкерлерінің белсенділік танытып отырғаны қуантады. Біздің міндет – елді мекендерді бір күн тазалап қана қою емес, тазалықты күнделікті қалыпқа айналдыру. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады, – деді Мұхамедғаріп Құрманғалиев.

Ауданда санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасады. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынады.

Другие новости

Ответственное отношение к отходам

Ответственное отношение к отходам

Проблема отходов напрямую связана с культурой повс...

  07.10.2026   85
Родной аул заслуживает заботы

Родной аул заслуживает заботы

Для жителей сельской местности состояние улиц и об...

  07.10.2026   85
Порядок зависит от каждого

Порядок зависит от каждого

Парки, скверы, дворы и детские площадки предназнач...

  07.10.2026   86
Посаженное дерево — вклад в будущее

Посаженное дерево — вклад в будущее

Озеленение остается одним из важных направлений пр...

  07.10.2026   93
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.