Среда, 26 Августа 2026

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520 интернет-ресурс бұғатталды

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520 интернет-ресурс бұғатталды

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ардақ Қайсаров 2025 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жария етті.
Есірткіге тәуелділерден бұрын, көл-көсір пайда табуды көздейтіндердің қатары көп. Өкініштісі, бұғанасы бекімеген бозбалалар да есірткі саудасымен айналысып, пайда табуға әуес болып жүр.
Ресми деректерге сүйенсек, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер сайттар мен әлеуметтік желілердегі көз тартар жарнамаларға сеніп, жұмыс істеуге келісім береді. Алайда олардың артында көлеңкелі әрекеттер — яғни, есірткіні жасырын тасымалдау мен сату – жатқанын аңғармайды. Нәтижесінде, тапқан табыстары темір торға апарар төте жолға айналып жатыр.
Алматы облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаровтың айтуынша, өңірде есірткі қылмысы белең алып тұр.
– Жыл басынан бері Алматы облысында есірткі қылмыстарына қарсы бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде 63 құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Оның ішінде 30 қылмыстық іс және 33 есірткіге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Аталған шаралар аясында заңсыз айналымнан 937 келі 622 грамм есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, есірткі өндіруге арналған 4 жасырын зертхана анықталып, олардың қызметі тоқтатылды, – деді спикер.
Жоғарыда атап өткендей, есірткі саудасы бүгінде интернет-дүкендер мен сайттарда кеңінен таралған. Осыған байланысты жергілікті полиция департаменті «Кибернадзор» жүйесін іске қосты. Нәтижесінде, 520 интернет-ресурс бұғатталды.
Айта кетейік, 2025 жылдың I тоқсанында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында 171 профилактикалық іс-шара және мектеп оқушыларына арналған 100 дәріс ұйымдастырылды.

Другие новости

Не всем предложениям о заработке стоит доверять

Не всем предложениям о заработке стоит доверять

Обещания быстро заработать в интернете привлекают...

  25.08.2026   116
Желание заработать может сыграть против человека

Желание заработать может сыграть против человека

Финансовые пирамиды нередко распространяются благо...

  25.08.2026   129
Внешний вид сайта не гарантирует его безопасность

Внешний вид сайта не гарантирует его безопасность

Мошенники активно используют поддельные сайты, кот...

  25.08.2026   131
Главное - не терять время

Главное - не терять время

Даже внимательный человек может стать жертвой обма...

  25.08.2026   130
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.