Четверг, 15 Октября 2026

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу-мемлекет қауіпсіздігінің кепілі

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу-мемлекет қауіпсіздігінің кепілі

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Осыған орай қылмыстық заңнама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ел ішіндегі тыныштықты сақтауды көздейді.

Әсіресе, жалдамалылық пен шетелдік қарулы қақтығыстарға заңсыз қатысу мәселесі қазіргі таңда аса өзекті. Мұндай әрекеттер азаматтардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, елдің халықаралық міндеттемелерін бұзады және ұлттық қауіпсіздікке тікелей нұқсан келтіреді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстарға қатысты нақты жауапкершілік көзделген:
• 170-бап. Жалдамалылық
Жалдамалыларды жалдау, оқыту, қаржыландыру немесе материалдық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды қарулы қақтығыстарда, әскери іс-қимылдарда немесе мемлекеттің конституциялық құрылысын құлату не аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған зорлық-зомбылық әрекеттерде пайдалану ауыр қылмыс болып саналады.
Жаза: жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, кейбір жағдайларда өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен немесе азаматтығынан айырумен не онсыз.
• 172-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу
Қазақстан Республикасының азаматы жалдамалылық белгілері болмаған жағдайда да өзге мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жаза: бес жылдан отыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Мемлекет заңды бұзған әрбір әрекетке жауап қататынын ерекше атап өткен жөн. Сондықтан әрбір азамат ел заңдарын қатаң сақтап, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты бағалай білуі қажет.

Алатау қаласының прокуратурасы.

Другие новости

Проверяйте информацию до перевода денег

Проверяйте информацию до перевода денег

Телефонные мошенники постоянно меняют свои схемы....

  15.10.2026   91
«Проверь дом родителей»: безопасность и забота — в центре внимания

«Проверь дом родителей»: безопасность и забота — в центре внимания

В рамках республиканской акции «Ата-анаңның үйін т...

  14.10.2026   164
«Закон и порядок» — основа безопасного и справедливого общества

«Закон и порядок» — основа безопасного и справедливого общества

Концепция «Закон и порядок» направлена на укреплен...

  14.10.2026   119
Доверие начинается с честности

Доверие начинается с честности

Как должен вести себя государственный служащий, чт...

  14.10.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.