Воскресенье, 11 Октября 2026

Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды

Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталды

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасында” жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Аудит қорытындысына сәйкес, кәсіпорын бойынша жалпы сомасы 79,6 млн теңгеге бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 21,6 млн теңге – қаржылық, ал 58 млн теңге – рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтарға тиесілі.

Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу процесінде де кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, техникалық сипаттамалардың тек орыс тілінде ұсынылуы, келісімшарт талаптарының толық орындалмауы, сондай-ақ бірқатар қызметкерлерге заңсыз артық төлемдердің жасалғаны анықталған.

Аудит нәтижесінде аурухана басшылығы мен лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Бұзушылықтарды жою мақсатында 2025 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімге нұсқама берілген. Кәсіпорын тарапынан кемшіліктерді түзету бойынша қажетті шаралардың қолға алынғаны хабарланды.

Другие новости

Новые правила борьбы с коррупцией

Новые правила борьбы с коррупцией

Антикоррупционные комплаенс-службы квазигосударств...

  09.10.2026   233
Закон и порядок — залог стабильности общества

Закон и порядок — залог стабильности общества

В городе Алатау Алматинской области одним из важны...

  09.10.2026   146
«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

С наступлением отопительного сезона особое внимани...

  08.10.2026   204
Шанс на свободу

Шанс на свободу

За девять месяцев в Алматинской области 371 осужде...

  07.10.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.