Четверг, 26 Февраля 2026

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады,  - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұнан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды. Киберқылмысқа қарсы күрес - Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда. Интернеттің дамуына байланысты "дәстүрлі" қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Фото: Polisia.kz

https://polisia.kz/iim-85-millionnan-astam-alayaqtyq-qongyraudyng-zholy-kesildi/

Другие новости

Нулевая терпимость к насилию

Нулевая терпимость к насилию

В Талгарском районе правоохранительные органы приз...

  23.02.2026   120
Нулевая терпимость к насилию

Нулевая терпимость к насилию

В Талгарском районе правоохранительные органы приз...

  20.02.2026   158
Закон на стороне сердца

Закон на стороне сердца

Изображение сгенерировано с помощью нейросети.Сего...

  18.02.2026   164
Конструктивный диалог

Конструктивный диалог

Члены Межведомственной комиссии по профилактике пр...

  16.02.2026   255
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.