Среда, 26 Августа 2026

«ӘКІМ КУБОГЫ – 2026»: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК БӘСЕКЕ

«ӘКІМ КУБОГЫ – 2026»: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК БӘСЕКЕ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Іле ауданында мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қызметшілердің шешендік қабілетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара өтеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан мемлекеттік қызметшілері арасында «ӘКІМ КУБОГЫ – 2026» аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады.

Турнирдің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында ашық диалог мәдениетін қалыптастыру, сыни ойлау мен шешендік өнерді дамыту, құқықтық мемлекет қағидаттарын насихаттау және кәсіби ортада интеллектуалдық бәсекелестікті дамыту.

Дәстүрлі пікірсайыс алаңында Іле ауданы әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері, Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары бақ сынайды. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік алады.

Турнирге құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері мен аудан прокуратурасының қызметкерлері қатысып, пікірсайысшылардың өнеріне әділ баға береді.

Жарыстың жүлде қоры да ауқымды. Турнир жеңімпаздары төмендегідей қаржылай сыйлықтармен марапатталады:
 І орын – 100 000 теңге;
 ІІ орын – 60 000 теңге;
 ІІІ орын – 40 000 теңге.

Іле ауданы әкімінің аппаратының басшысы, Данияр Сарымбековтың айтуынша, пікірсайыс турнирі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрі тұлғалық дамуына серпін береді.

«Мемлекеттік қызметші – қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті арқалаған тұлға. Бүгінде мемлекеттік қызмет тек құжат айналымымен шектелмейді. Ол – халықпен тиімді коммуникация орнату, дәлелді пікір айту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық сенімді нығайту. «ӘКІМ КУБОГЫ – 2026» турнирі осы құндылықтарды дәріптейтін маңызды алаң болмақ. Бұл жарыс қатысушылардың білімін, шешендігін және азаматтық ұстанымын көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Данияр Сарымбеков.

«ӘКІМ КУБОГЫ – 2026» турнирі – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды интеллектуалдық жоба.

Зияткерлік додада үздіктер анықталып қана қоймай, мемлекеттік қызметтің жаңа буынының ойлау мәдениеті, көшбасшылық қабілеті мен азаматтық жауапкершілігі де айқын көрініс табады.

Другие новости

Не всем предложениям о заработке стоит доверять

Не всем предложениям о заработке стоит доверять

Обещания быстро заработать в интернете привлекают...

  25.08.2026   144
Желание заработать может сыграть против человека

Желание заработать может сыграть против человека

Финансовые пирамиды нередко распространяются благо...

  25.08.2026   156
Внешний вид сайта не гарантирует его безопасность

Внешний вид сайта не гарантирует его безопасность

Мошенники активно используют поддельные сайты, кот...

  25.08.2026   163
Главное - не терять время

Главное - не терять время

Даже внимательный человек может стать жертвой обма...

  25.08.2026   157
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.