Среда, 07 Октября 2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ІЛЕ АУДАНЫНДА 490 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ІЛЕ АУДАНЫНДА 490 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

2026 жылғы 10 тамыз күні Боралдай кенті мен Ащыбұлақ ауылдық округінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараға Іле аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Негізгі мақсат – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және жолын кесу.

Екі күндік рейд нәтижесінде аталған елді мекендерде 490 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтап, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді.

Сонымен қатар мотоцикл және мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылды. Көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған жүргізушілерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы 35 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта аудан аумағында жүйелі түрде жалғасады.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі.

Другие новости

Шанс на свободу

Шанс на свободу

За девять месяцев в Алматинской области 371 осужде...

  07.10.2026   97
«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

В городе Алатау Алматинской области с 5 октября по...

  07.10.2026   123
Здоровая привычка семьи

Здоровая привычка семьи

Дети воспринимают поведение взрослых гораздо внима...

  07.10.2026   108
Как провести время иначе

Как провести время иначе

Во время отпуска важно менять не только отношение...

  07.10.2026   112
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.