Вторник, 25 Августа 2026

«Заң мен тәртіп»: Әділет саласының өзекті мәселелері талқыланды

«Заң мен тәртіп»: Әділет саласының өзекті мәселелері талқыланды

Өңірлік коммуникациялар алаңында Әділет органдарының қазіргі қызметі, азаматтардың құқықтарын қорғау, құқықтық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Баспасөз мәслихаты барысында «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше мән берілді. Алматы облысының нотариаттық палатасының нотариусы Гаухар Абдирова нотариаттың құқықтық даулардың алдын алудағы маңызды рөлін атап өтті.
Гаухар Абжамелқызының айтуынша, нотариат саласындағы кәсіби тәртіп көрсеткіштері де оң динамика көрсетіп отыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысының нотариустарына қатысты бірде-бір қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген. Одан бөлек, осы күнше дейін облыс нотариустары 96 413 атқарушылық жазба тіркеген. Оның 19 806-сы борышкердің қарсылығы негізінде нотариус тарапынан күшін жойды. 
«Атқарушылық жазба жасау тетігіне қатысты заңнамалық өзгерістер де енгізілуде. Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес, 8 қыркүйектен бастап атқарушылық жазба жасау туралы өтініштер бірыңғай цифрлық жүйе арқылы нотариустар арасында автоматты түрде бөлінеді. Сондай-ақ атқарушылық жазба борышкердің тіркелген жері бойынша және борышкердің қарызды жазбаша мойындауы болған жағдайда жасалады. Бұл ретте даусыз талаптарға қатысты ерекшеліктер қарастырылған», - деді спикер. 
Өз кезегінде Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының Жақсылық Беделбек атқарушылық іс жүргізу, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет мүддесіне қатысты атқарушылық құжаттарды орындау – жеке сот орындаушылары жұмысының маңызды бағыттарының бірі. «Мемлекет пайдасына өндіріп алу» санаты бойынша есепті кезеңде 1,4 млрд теңгеден астам сомаға атқарушылық іс жүргізу аяқталды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың салық берешегін өндіріп алуға ерекше көңіл бөлінуде. Салық берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары негізінде 1,2 млрд теңгеден астам сомаға атқарушылық іс жүргізілді», - деді ол. 
Айтуынша, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сот қаулысы негізінде шамамен 174 млн теңге, ал уәкілетті мемлекеттік органдардың қаулысымен салынған айыппұлдар бойынша шамамен 2,4 млрд теңге өндірілді.
Сонымен қатар мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды өндіріп алу бойынша 40,8 млн теңгеден астам, ал қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу жөніндегі атқарушылық құжаттар бойынша 135 млн теңгеден астам сомаға өндірістер аяқталды.
Алматы облыстық адвокаттар алқасының Президиум мүшесі Бақыт Бимановтың айтуынша, алимент міндеттемелерін орындаудан жалтарған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік шаралары да қолданылуда. Есепті кезеңде 157 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 69 адамға айыппұл салынса, 78 тұлға әкімшілік қамаққа алынған, тағы 10 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Сонымен қатар 7 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Спикердің мәліметінше, жеке сот орындаушысының жұмысы қаулы шығарумен немесе белгілі бір шектеу шараларын қолданумен ғана шектелмеуі тиіс. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі нәтижесі – атқарушылық құжат талаптарының нақты орындалуы және азаматтың бұзылған құқығының іс жүзінде қалпына келтірілуі.
Өңірлік палата тарапынан халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Азаматтарға атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері, өндірістің барысы туралы ақпарат алу тәртібі, жеке сот орындаушысына тікелей жүгіну және қабылданған шешімдерге шағымдану тетіктері түсіндіріледі.
«Біз үшін «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен сот актілерінің міндетті түрде орындалуын, өндіріп алушы мен борышкердің құқықтарының теңгерімін сақтауды, қабылданатын шаралардың уақытылы болуын және жеке сот орындаушысының өз қызметінің нәтижесіне деген жауапкершілігін білдіреді», – деді Бақыт Биманов.
Брифингте «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің негізгі тетіктері талқыланып, әділет органдары мен құқықтық қоғамдастықтың басты мақсаты – заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сот актілерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету екені атап өтілді.

Другие новости

За рулем нет места наркотикам

За рулем нет места наркотикам

Автомобиль требует нескольких простых вещей одновр...

  25.08.2026   0
Эксперимент без инструкции

Эксперимент без инструкции

Фраза «я только один раз» звучит успокаивающе глав...

  25.08.2026   1
Опасный магазин без вывески

Опасный магазин без вывески

Когда-то продавцу наркотиков нужно было лично встр...

  25.08.2026   5
Работа, за которую платят свободой

Работа, за которую платят свободой

Объявление может выглядеть почти обычно. «Курьер»,...

  25.08.2026   19
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.