Четверг, 22 Октября 2026

Заң мен тәртіп – тазалықтан басталады

Заң мен тәртіп – тазалықтан басталады

«Заң мен тәртіп» қағидаты – тек құқық бұзушылықтың алдын алу немесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың өз ортасына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды көздейді. Тазалық пен тәртіпті сақтау – осы қағидаттың күнделікті өмірдегі нақты көріністерінің бірі.

Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тазалық мәселесі бір реттік акциямен шектелмей, тұрақты әдетке айналуы қажет.

Әсіресе тұрғын үйлерге, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарға іргелес аумақтарды таза ұстауға ерекше мән беріледі. Қолданыстағы абаттандыру қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі нысандардың ғана емес, оларға іргелес аумақтардың да санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген талаптарда ғимараттар мен құрылыстарға іргелес 5 метр аумақты таза ұстау міндеті де көзделген.

Бұл талап ең алдымен тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне бағытталған. Аула маңын қоқыстан тазарту, шөпті уақытылы шабу, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау – қарапайым, бірақ маңызды жауапкершілік.

Сонымен қатар тазалық талаптарын сақтау – тек әкімдік немесе коммуналдық қызметтердің міндеті емес. Бұл – баршаға ортақ іс. Әр тұрғын өз үйінің маңын таза ұстап, кәсіпкер өз нысанының айналасына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтауы тиіс.

Абаттандыру талаптарының бұзылуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан талаптарды сақтау тек айыппұлдан сақтану емес, ең алдымен қоғамдық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіші болуы қажет.

Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Өз ауламызды, көшені, жұмыс орнымыздың және кәсіпкерлік нысанымыздың айналасын таза ұстау арқылы біз тұтас елді мекеннің көркеюіне үлес қосамыз.

Заңға құрмет – тәртіптен, ал тәртіп – тазалықтан басталады. «Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік, ортақ тәртіп!

Другие новости

В городе Алатау Алматинской области проведена профилактическая встреча в рамках принципа «Закон и порядок»

В городе Алатау Алматинской области проведена профилактическая встреча в рамках принципа «Закон и порядок»

В городе Алатау Алматинской области в рамках ценно...

  22.10.2026   111
Дроны помогают выявлять нарушения и раскрывать преступления

Дроны помогают выявлять нарушения и раскрывать преступления

В Алматинской области беспилотники стали одним из...

  21.10.2026   173
В рамках принципа «Закон и порядок» проведено профилактическое мероприятие по пожарной безопасности

В рамках принципа «Закон и порядок» проведено профилактическое мероприятие по пожарной безопасности

Сотрудники Отдела по чрезвычайным ситуациям города...

  21.10.2026   184
На бракованный товар найдется закон

На бракованный товар найдется закон

Насколько защищен покупатель, передавая свои деньг...

  21.10.2026   127
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.