Четверг, 08 Октября 2026

Қонаевта Республика күні атап өтілді

Қонаевта Республика күні атап өтілді
Қонаевта айтулы мерекеге орай салтанатты шара өтті. Қалың көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар балаларға арналған ойын-сауық алаңдары құрылып, кәсіпкерлер сауда-саттық жерін ұйымдастырды. Тұрғындар риза болып, алаңда билеп, мерекені тойлап марқайып жатты. "Мереке құтты болсын, қазақ елі! Әуезді ән шырқалып, рухымыз көтеріліп қалды. Салтанатты кештер халыққа керек. Әсіресе, мерекені сезіну үшін патриоттық әндердің шырқалуы маңызды. Өнерпаздарға алғысымыз шексіз", - деді Динара есімді тұрғын. Сондай-ақ бүгінгі шарада Республика күніне арналған "Жаса қазағым" атты патриоттық әннің тұсауы кесілді. Бұл әнді Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай 1 күннің ішінде жазып шыққан. Өнерпаздың айтуынша, ол өр рухты ән жазуды армандап, сол арманын жүзеге асырған. Бұл ән жайында қосымша ақпарат жарияланады. Көрермендер көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне тарасты.

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   41
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   36
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   40
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   39
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.