Четверг, 08 Октября 2026

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Мақсат Сейдалиев, Нұрлан Түймелиев, Гамзе Гейдаров «БЕНТ» ЖШС – ның ұжымымен кездесті.
Кездесуде  тыңдаушы тарапқа алдағы өткелі жатқан референдумға барып, ҚР азаматы ретінде өз қолдауларын көрсету керектігін айтты. «Біз бармасақ та салынады», деген ойдан аулақ болуға шақырды.  АЭС салу бойынша еліміздің мүмкіндіктері әлемдік дамыған мемлекеттермен пара – пар екендігін де қоса кетті.
Ал, Мақсат Сейдалиев болса АЭС салудың бүкіл халыққа пайдасы зор екендігін алға тартты. «Технология күн санап дамып келе жатқан біздің заманымызда электр энергиясына деген сұраныс күн сайын еселене түседі», - деді Мақсат Сейдалиев.
«Елімізде қуаты мықты зауыттар салуға мүмкіншіліктер толықтай бар, алайда біз оларға жеткілікті деңгейде электр қуатын бере алмайтын болғандықтан үлкен мүмкіндіктерден айырылып қалудамыз», - деп  Нұрлан Түймелиев өз ойын білдірді.
Кездесу соңында штаб мүшелері еліміз үшін маңызды кезеңде немқұрайлық танытпай, өз таңдауларын жасауға шақырды. БПҰ мүшелері де өз ойларын ашық жеткізіп, АЭС салуды қолдайтындықтарын атап өтті.

Другие новости

Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   64
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   112
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   104
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.