Пятница, 02 Октября 2026

Қонаев қаласының тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп жатыр – байқаушы

Қонаев қаласының тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп жатыр – байқаушы

Байқаушылар референдумда дауыс беру тәртібін қадағалап, процеске елеулі үлес қосып жатыр. Қонаев қаласы, №939 учаскеде «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы болып отырған Динара Досимбекова учаскедегі қазіргі жағдай туралы айтып берді.

Байқаушының сөзінше, дауыс беру процесі белсенді жүріп жатыр.

«Мен Қонаев қаласындағы №939 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен байқаушы болып отырмын. Жанымда басқа қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары отыр, олар: «Жастар үні» РҚБ, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» қоғамдық бірлестігі, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінен келген. Бүгінгі референдум ашық, әділ өтуін бақылап отырмыз. Дауыс беру процесі белсенді жүріп жатыр. Учаскеде 2 170 адам дауыс беруші тізімінде тұр, қазір олардың 901-і дауыс берді», – дейді ол.

Динара Досимбекова қала ақсақалдары мен этно-мәдени орталықтарының ұлттық киімде келіп дауыс беруі өте әсерлі болғанын айтады.

«Мені қызықтырғаны қаламыздың ақсақалдары мен этно-мәдени орталықтарының ұлттық киімде келіп дауыс беруі болды. Ол кісілер өздерінің киімдері арқылы жас буынға патриотизм мен қоса, тәрбиелік мәнге де көңіл бөлуі деп санаймын. Сағат 7:00-де алғашқы дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталды. Халықтың көңіл-күйлері көтеріңкі, ел болашағы үшін жауапкершіліктерін сезініп, дауыс беруге белсене қатысуда. Мен, елімнің патриоты ретінде осындай маңызды науқанға байқаушы ретінде қатысып отырғаныма қуаныштымын», – дейді байқаушы.

Другие новости

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

Жанна Булхаирова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ жаһ...

  02.10.2026   13
Мемлекет басшысының Трамптың Суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдауы – бұл тек сыртқы әлемге ғана емес, Қазақстан қоғамына да берілген сигнал

Мемлекет басшысының Трамптың Суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдауы – бұл тек сыртқы әлемге ғана емес, Қазақстан қоғамына да берілген сигнал

Нұрдәулет Затилла, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ са...

  02.10.2026   13
Как «Вашингтонская модель» может стать договором ООН

Как «Вашингтонская модель» может стать договором ООН

Диас Кумарбеков, старший эксперт отдела глобальной...

  02.10.2026   16
Хранители духовного наследия

Хранители духовного наследия

В акимате Алматинской области состоялась торжестве...

  02.10.2026   52
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.