Четверг, 26 Февраля 2026

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.

Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.

Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.

«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», - деді Сұлтанғазиев.

Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.

Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.

Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.

Другие новости

Коалиция өкілдері Халыққа  қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   51
ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   67
Коалиция мүшелері Шамалған ауылындағы  білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері Шамалған ауылындағы білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   57
Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Мыңбаев елді мекенінде өткен ке...

  26.02.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.