Четверг, 26 Февраля 2026

Өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті: Алматы облысы өңдеу секторының орталығына айналып келеді

Өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті: Алматы облысы өңдеу секторының орталығына айналып келеді

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан.

Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған.

«Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Іске қосылған ірі жобалардың ішінде «Focus Logistics» ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), «Алтын таға» бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), «LC Waikiki» көтерме-сауда орталығы (30 млрд теңге), «Шин-лайн» балмұздақ фабрикасы (18 млрд теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд теңге), «КегенМясПром» ет комбинаты (3,5 млрд теңге).

Тамақ өнеркәсібі саласында «Galanz Bottlers» компаниясын кеңейту (17,8 млрд. теңге), «QAZAQ GLOBAL FOOD JV» (16,5 млрд. теңге), «Прима Құс» (14 млрд. теңге). Бұл компаниялар экспортқа бағытталған өнім өндіреді.

Другие новости

Коалиция өкілдері Халыққа  қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   51
ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   67
Коалиция мүшелері Шамалған ауылындағы  білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері Шамалған ауылындағы білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   57
Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен саяси жүйе реформасын талқылады

Жамбыл ауданындағы Мыңбаев елді мекенінде өткен ке...

  26.02.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.