Пятница, 09 Октября 2026

Адам капиталы – Жаңа Конституцияның өзегі

Адам капиталы – Жаңа Конституцияның өзегі

Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – мемлекет дамуының негізгі тірегі ретінде адам капиталын айқындауы. Білім беру, ғылым, мәдениет пен инновация Конституцияның орталық идеясына айналып отыр.

Бұл – табиғи ресурстарға ғана емес, азаматтардың біліміне, шығармашылығына және әлеуетіне сүйенетін жаңа даму философиясы. Мемлекет әрбір азаматтың өзін қауіпсіз, қорғалған әрі қажет сезінуіне жағдай жасауды басты міндет етіп қояды.

Сонымен қатар, цифрландыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау Конституциялық норма ретінде бекітіліп отыр. Бұл – заманауи сын-қатерлерге жауап беретін маңызды шешім.

Жаңа Конституция – бүгінгі және келер ұрпақтың мүддесін тоғыстырған, болашаққа бағытталған құжат.

Қоғамдық пікір көшбасшысы
Ниязалиев Айдар

Другие новости

Почему строительство АЭС начинается задолго до первого бетона

Почему строительство АЭС начинается задолго до первого бетона

3 сентября был подписан контракт на проектирование...

  09.10.2026   32
Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   81
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   126
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   161
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.