Четверг, 26 Февраля 2026

Коалиция мүшелері Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қошмамбет ауылындағы жайлы мектеп педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Байкулов Мухтар    Кольбаевич.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

«БОЛАШАҚ КЕМЕҢГЕР» ҰЖЫМЫ АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«БОЛАШАҚ КЕМЕҢГЕР» ҰЖЫМЫ АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Іле ауданы Кенен Әзірбаев ауылында жалпыхалықтық р...

  26.02.2026   37
Медициналық колледж студенттерімен Конституциялық реформа талқыланды

Медициналық колледж студенттерімен Конституциялық реформа талқыланды

Шелек ауылындағы медициналық колледж студенттеріме...

  26.02.2026   40
Коалиция мүшелері Алатау жарық Компаниясының ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Алатау жарық Компаниясының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   40
Сегодня в акимате города Қонаев состоялась встреча с владельцами земельных участков 18 микрорайона

Сегодня в акимате города Қонаев состоялась встреча с владельцами земельных участков 18 микрорайона

Сегодня в акимате города Қонаев состоялась встреча...

  26.02.2026   71
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.