Медициналық колледж студенттерімен Конституциялық реформа талқыланды
Шелек ауылындағы медициналық колледж студенттерімен өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны туралы ақпарат берілді.
Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын атап өтті.
Коалиция мүшесі Сайра Базилбекова реформаның ашық сипатына тоқталды.
«Бұл құжат жабық форматта емес, ашық қоғамдық талқылау негізінде дайындалды. Ұсыныстар арнайы порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Сондықтан жаңа Конституция – қоғамның тікелей қатысуымен жасалған құқықтық келісім», – деді ол.
Студенттер алдағы референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік екенін айтты.





