Четверг, 26 Февраля 2026

«БОЛАШАҚ КЕМЕҢГЕР» ҰЖЫМЫ АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

«БОЛАШАҚ КЕМЕҢГЕР» ҰЖЫМЫ АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Іле ауданы Кенен Әзірбаев ауылында жалпыхалықтық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Осы бағытта Халықтық аудандық коалиция мүшелері, "Болашақ кемеңгер" мамандандырылған мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында ол Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, алдағы референдумның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ жаңа жобада қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын орнықтыруға басымдық беріліп отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жиын еркін форматта өтіп, мектеп-интернат ұжымы өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар референдумның мазмұны мен мәні туралы жан-жақты ақпарат алып, ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – әрбір азаматқа толық әрі түсінікті ақпарат жеткізіп, саналы таңдау жасауына жағдай қалыптастыру. Ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында жалғасын табады.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   50
Нефтяники Мангистауской области поддерживают новую Конституцию

Нефтяники Мангистауской области поддерживают новую Конституцию

Трудовые коллективы нефтедобывающих предприятий Ма...

  26.02.2026   61
Содержательный разговор о будущем

Содержательный разговор о будущем

В стенах СШ №13 села Отеген батыр Илийского района...

  26.02.2026   70
«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында маңызды кездесу өтті.

«Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында маңызды кездесу өтті.

2026 жылғы 26 ақпан күні Есік қаласындағы Т.Молдағ...

  26.02.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.