Пятница, 06 Марта 2026

Коалиция өкілдері "Абай-Жапар" базарының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы "Абай-Жапар" базарының  ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Ерік Сейтов.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Сверены алгоритмы действий

Сверены алгоритмы действий

Председатель Центральной комиссии референдума Нурл...

  06.03.2026   62
Шаг на пути  к стабильности

Шаг на пути к стабильности

В г. Каскелене, в районном Доме культуры, советник...

  06.03.2026   56
Открытый диалог с молодежью

Открытый диалог с молодежью

В регионе продолжается разъяснение ключевых положе...

  06.03.2026   55
Праздник признательности и  уважения

Праздник признательности и уважения

В преддверии Международного женского дня в городе...

  06.03.2026   140
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.