Пятница, 06 Марта 2026

Коалиция мүшелері Үлкен ауылының тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Үлкен ауылының тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Үлкен жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Юрий Шейкин бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Другие новости

Сверены алгоритмы действий

Сверены алгоритмы действий

Председатель Центральной комиссии референдума Нурл...

  06.03.2026   67
Шаг на пути  к стабильности

Шаг на пути к стабильности

В г. Каскелене, в районном Доме культуры, советник...

  06.03.2026   60
Открытый диалог с молодежью

Открытый диалог с молодежью

В регионе продолжается разъяснение ключевых положе...

  06.03.2026   67
Праздник признательности и  уважения

Праздник признательности и уважения

В преддверии Международного женского дня в городе...

  06.03.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.