Пятница, 06 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ТАНГЕНС» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ «ТАНГЕНС» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы «ТАНГЕНС» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Нұрлан Түймелиев.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Сверены алгоритмы действий

Сверены алгоритмы действий

Председатель Центральной комиссии референдума Нурл...

  06.03.2026   67
Шаг на пути  к стабильности

Шаг на пути к стабильности

В г. Каскелене, в районном Доме культуры, советник...

  06.03.2026   60
Открытый диалог с молодежью

Открытый диалог с молодежью

В регионе продолжается разъяснение ключевых положе...

  06.03.2026   67
Праздник признательности и  уважения

Праздник признательности и уважения

В преддверии Международного женского дня в городе...

  06.03.2026   144
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.