Пятница, 06 Марта 2026

Коалиция мүшелері АЖК ЭнергоСбыт қызметкерлерімен кездесті

Коалиция мүшелері АЖК ЭнергоСбыт қызметкерлерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері Талғар ауданындағы «АЖК ЭнергоСбыт»   еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасы жайында пікір алмасты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саланы дамытуға және елдің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Олар білім мен медицинаның тегін болатынын, еңбек құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалатынын, цифрлық деректердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

«Жаңа Конституция – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанының дәлелі. Мұнда әрбір азаматтың мүддесі ескерілген. Ендігі кезек – референдумда барымызды салып, осы құжатты қолдау», – деді коалиция мүшесі Сулейменов Айдын.

Ұжым қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түсінікті әрі нақты жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел тағдырына бейжай қарамайтындарын білдірді.

Другие новости

Сверены алгоритмы действий

Сверены алгоритмы действий

Председатель Центральной комиссии референдума Нурл...

  06.03.2026   69
Шаг на пути  к стабильности

Шаг на пути к стабильности

В г. Каскелене, в районном Доме культуры, советник...

  06.03.2026   62
Открытый диалог с молодежью

Открытый диалог с молодежью

В регионе продолжается разъяснение ключевых положе...

  06.03.2026   69
Праздник признательности и  уважения

Праздник признательности и уважения

В преддверии Международного женского дня в городе...

  06.03.2026   147
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.