Суббота, 07 Марта 2026

Коалиция өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Коалиция өкілдері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бәйдібек би ауылындағы шағын және орта бизнес  еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Рахимов Бағдат.
Жиналғандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс білдіріліп, референдумға белсене қатысуға дайын екендіктері жеткізілді.

Коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Другие новости

Сверены алгоритмы действий

Сверены алгоритмы действий

Председатель Центральной комиссии референдума Нурл...

  06.03.2026   75
Шаг на пути  к стабильности

Шаг на пути к стабильности

В г. Каскелене, в районном Доме культуры, советник...

  06.03.2026   72
Открытый диалог с молодежью

Открытый диалог с молодежью

В регионе продолжается разъяснение ключевых положе...

  06.03.2026   79
Праздник признательности и  уважения

Праздник признательности и уважения

В преддверии Международного женского дня в городе...

  06.03.2026   156
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.