Среда, 11 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Байкент ауылдық округіндегі  «САРЫБҰЛАҚ» фабрикасының еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдум мәселелерін талқылады.

Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның өндіріс саласы қызметкерлеріне берер мүмкіндіктеріне тоқталды. Еңбек қауіпсіздігі, жалақы, демалыс және әлеуметтік кепілдіктер конституциялық деңгейде бекітілгені айтылды.

«Жаңа Конституцияда еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ жалақы және әлеуметтік қамсыздандыру – мемлекеттің міндеті ретінде бекітілді», – деді коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы.

Ұжым қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын білдірді.

Другие новости

Жизнь, сотканная из поэзии

Жизнь, сотканная из поэзии

В г. Талгаре юбилей Мукагали Макатаева отметили жи...

  11.03.2026   26
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   76
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   94
Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Талғар ауданындағы Гүлдала ауылдық округінің амбул...

  11.03.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.