КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы «Сұлтан» спорт кешенінің еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
«Жаңа Конституцияда әрбір азаматтың лайықты еңбек жағдайына, әділ жалақыға және әлеуметтік қорғауға құқығы бекітілген. Бұл – еңбек адамдары үшін зор кепілдік», – деді коалиция мүшесі Рафаэль Гайтинов.
Қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.





