Республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу
Бүгін Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы республикалық референдум мәселелері бойынша «Ауыл» партиясы Алматы қаласының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев пен коалиция мүшелерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында референдумның маңыздылығы, оның ел дамуына қосатын үлесі және қоғам үшін өзекті тұстары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.





