Среда, 11 Марта 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Ынтымақ шағын ауданында «PEPSICO» еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшелері.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «PEPSICO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   75
Республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу

Республикалық референдум мәселелері бойынша кездесу

​Бүгін Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөнінде...

  11.03.2026   90
Жизнь, сотканная из поэзии

Жизнь, сотканная из поэзии

В г. Талгаре юбилей Мукагали Макатаева отметили жи...

  11.03.2026   67
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   95
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.