Пятница, 03 Июля 2026

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға 39 млрд теңге инвестиция тартылады

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға 39 млрд теңге инвестиция тартылады

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның директоры Шен Яшар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім Астана қаласында өткен «Қазақстан – Түркия» бизнес-форумы аясында жасалды. Келіссөз негізінде аталған фармацевтикалық зауытты кеңейту үшін қажетті іс-шаралар айқындалды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндіретін түркиялық компания Іле ауданында орналасқан. Зауытта жылына 24 млн дана дәрі-дәрмек өндіріледі. Қазірдің өзінде 250 адам тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі келісім барысында жобаны одан әрі дамыту мәселесі пысықталды. Яғни, 2026-2032 жылдар аралығындағы инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде, 8,85 млрд теңге қатты дәрі-дәрмек өндірісін жаңғыртуға, 30,15 млрд теңге инновациялық биотехнологиялық дәрілерді шығаратын модульдік блок құрылысына жұмсалады. Жылына 300 млн қатты және 1,5 млн биотехнологиялық дәрі өндірілмек. Бұл онкология, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек және психоневрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.

Жоба негізгі капиталға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық құрылғыларды дамытып, мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.

Айта кетейік, 2022-2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия елі арасында 53 кездесу өткізілді. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника өндірісі, кондитерлік және фармацевтикалық өнім өндіру салалары бойынша құны 97,9 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып, 2 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Kucukler Holding», «Якар», «Хамле Компани ЛТД», «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ «MES Story Invest» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылу сатысында.

Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жетті. Импорт көлемі 222,8 млн АҚШ долларын, ал экспорт 7,9 млн АҚШ долларын құраған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Закон и порядок: в Конаеве обсудили вопросы безопасности в туристический сезон

Закон и порядок: в Конаеве обсудили вопросы безопасности в туристический сезон

Аким города Конаев Асхат Бердиханов провёл совещан...

  02.07.2026   109
Заң мен Тәртіп: Қонаевта туристік маусымдағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Заң мен Тәртіп: Қонаевта туристік маусымдағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов туристік м...

  02.07.2026   129
В АСТАНЕ СОСТОИТСЯ V ВНЕОЧЕРЕДНОЙ СЪЕЗД ПАРТИИ RESPUBLICA

В АСТАНЕ СОСТОИТСЯ V ВНЕОЧЕРЕДНОЙ СЪЕЗД ПАРТИИ RESPUBLICA

В мероприятии примут участие председатель партии А...

  02.07.2026   135
АСТАНАДА RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ V КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІ ӨТЕДІ

АСТАНАДА RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ V КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІ ӨТЕДІ

Іс-шараға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, па...

  02.07.2026   137
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.