Среда, 20 Мая 2026

«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Өту мерзімі:   22 мамыр, 2026 жыл, сағат 15:00 
Өту орны:    Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі (Самал-1 к-сі 44, Алматы қ., Қазақстан Республикасы)  

Жоба ұйымдастырушылары:
Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры,
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі

Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры (бұдан əрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен (бұдан əрі – Музей) бірлесе 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 15:00-де Музей қабырғасында ХХ ғасыр басындағы түркі дүниесінің рухани-мəдени өміріндегі аса ірі əрі тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі – Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығына арналған «1926-2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты тақырыптық экспозицияның салтанатты ашылуын ұйымдастырады.  
Түркі əлемінің көрнекті ғалымдары мен халықаралық жəне отандық ұйымдардың өкілдерін тоғыстыратын бұл тағылымды іс-шара аясында түркі халықтарының ортақ тарихи жадын, ғылыми сабақтастығы мен рухани тұтастығын айшықтайтын бірегей көрме Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына бір ай бойы ұсынылады.  
Көрменің басты ерекшелігі – Əзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларында сақталған сирек құжаттар мен фотоматериалдардың алғаш рет ғылыми жүйеде кеңінен ұсынылуында. Экспозицияға енгізілген ресми хаттамалар, баяндамалар, мерзімді баспасөз материалдары мен бейнедеректер Бірінші түркология құрылтайының ғылыми, ұйымдастырушылық əрі идеялық ауқымын жан-жақты ашып көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мұрағаттық деректер ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы түркі халықтарының мəдени жаңғыру кеңістігін, соның ішінде Қазақстандағы жаңа латын графикасына негізделген əліпби реформасының тарихи мазмұнын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. 
Құрылтай жұмысына қатысқан 130 делегаттың қатарында қазақ халқының көрнекті зиялылары – Ахмет Байтұрсынов, Нəзір Төреқұлов, Елдес Омаров, Білəл Сүлеев сынды біртуар тұлғалар болды. Олар күн тəртібіндегі маңызды мəселелерді талқылауға 
                
белсене қатысып, түркология ғылымының келешек даму бағытын айқындауға өлшеусіз үлес қосты. Ұлт зиялыларының ғылыми мұрасы кейінгі кезеңдегі қазақ тіл білімінің, əдебиеттану ғылымының, білім беру мен əдістемелік реформалардың іргетасын қалап, рухани дамудың берік негізіне айналды.  Ұлт руханиятының өркендеуіне қызмет еткен бұл баға жетпес мұра бүгінде тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі Түркі əлемінің ғылымы мен мəдениетіне ортақ қазына ретінде бағаланады.  
Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшыларының 2025 жылғы 6-7 қазанда Габала қаласында өткен ХІІ Саммитінде берілген Бірінші Бүкілодақтық Түркітану Съезінің 100 жылдық мерейтойын 2026 жыл бойы бауырлас түркі мемлекеттерінде кең көлемде атап өту жөніндегі тапсырмасына сəйкес Əзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда жəне өзге де елдерде бірқатар жүйелі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.  
Осы ауқымды бастамалар аясында Қор Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік тілі қоғамдастығы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жəне Баку мемлекеттік университетімен бірлесе 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері Алматы қаласында «І Баку Түркология Құрылтайының мұрасы жəне ХХІ ғасырдағы Түркі əлемі» атты халықаралық түркология конференциясын өткізеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында əзербайжандық ғалымдар Низами Джафаров, Махира Гусейнова жəне Айсель Гариблидің «Бірінші түркологиялық Құрылтай» атты ғылыми еңбегі мен «1926–2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты бейнедеректер шежіресінің салтанатты тұсаукесері ұйымдастырылады.  

Байланыс ақпараттары:

+7 705 802 20 58 (Серік Нұрмолда, Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының өкілі) 
+7 700 573 30 11 (Құралай Мұратқызы, PR-менеджер)

Другие новости

«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Өту мерзімі:   22 мамыр, 2026 жыл, сағат 15:0...

  20.05.2026   71
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ПУБЛИКАЦИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ПЕРВОГО БАКИНСКОГО ТЮРКОЛОГИЧЕСКОГО СЪЕЗДА

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ПУБЛИКАЦИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ПЕРВОГО БАКИНСКОГО ТЮРКОЛОГИЧЕСКОГО СЪЕЗДА

Дата проведения:  22 мая, 2026 года, 16.30&nb...

  20.05.2026   69
Историческая память как ресурс справедливого и безопасного миропорядка

Историческая память как ресурс справедливого и безопасного миропорядка

Глава государства подчеркнул, что настоящий прогре...

  19.05.2026   187
От кочевой цивилизации к цифровому будущему

От кочевой цивилизации к цифровому будущему

В своём выступлении К.К.Токаев акцентировал вниман...

  19.05.2026   198
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.