Пятница, 09 Октября 2026

Домбыра үні Арбатта әуеледі

Домбыра үні Арбатта әуеледі

Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы Арбат алаңында Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік кешке ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысып, ұлттық өнердің әсем әуеніне бөленді. Кеш барысында жаңадан қолданысқа енгізілген Жаңа Конституциямыздың маңыздылығы назардан тыс қалмады.

Концерттің көркін халықтық күйлер мен патриоттық әндерді орындаған «Сарытауқұм» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, “Саз Нұрғиса” жас домбырашылар ансамблі мен аудан өнерпаздарының өнері аша түсті. Ансамбльдің орындауындағы ұлттық туындылар қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын дәріптеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш барысында жас домбырашылардың өнер көрсетуі көпшіліктің ерекше қошеметіне ие болды. Олар өздерінің орындаушылық шеберлігімен, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігімен және ата-баба мұрасына деген құрметімен көпшілікті тәнті етті. Жас өнерпаздардың өнері ұлттық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – ұлттық мәдениетті насихаттау, қазақстандық патриотизмді нығайту, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметті қалыптастыру. Домбыраның қоңыр үні әр буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, ел бірлігі мен ұлттық рухты асқақтатты.

Мазмұнды өткен концерт тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, домбыраның халқымыздың тарихын, мәдениетін және рухани болмысын айшықтайтын қасиетті ұлттық аспап екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   128
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   138
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   129
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.