Четверг, 08 Октября 2026

Спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров өз таңдауын жасады

Спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров өз таңдауын жасады

Бүгін С.Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының негізін қалаушы, ММА шебері, грепплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Спорт саласында ел намысын абыроймен қорғап жүрген Нұрсұлтан Орынбасаров маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Ол спорттағы жеңістердің артында тәртіп, табандылық пен жауапкершілік тұрса, ел болашағына қатысты әрбір маңызды қадамда да азаматтық жауапкершіліктің орны ерекше екенін атап өтті.

«Спортта біз әрдайым еліміздің абыройын биік қоюға тырысамыз. Елдің болашағы, бірлігі мен тұрақтылығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосуы маңызды», – деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №1058 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған спортшы тұрғындарды бірлік пен ынтымаққа, азаматтық белсенділік танытуға үндеді.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   123
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   134
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   123
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   143
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.