Пятница, 09 Октября 2026

ЖЕТІ БАЛАСЫМЕН ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛГЕН ЖАС ОТБАСЫ КӨПШІЛІКТІҢ НАЗАРЫН АУДАРДЫ

ЖЕТІ БАЛАСЫМЕН ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛГЕН ЖАС ОТБАСЫ КӨПШІЛІКТІҢ НАЗАРЫН АУДАРДЫ

Сайлау күні Іле ауданындағы №385 сайлау учаскесінде ерекше көрініс көпшіліктің назарын аударды. Н. Тілендиев ауылының тұрғыны, ұстаз Ықылас Гаипов жұбайы және жеті баласымен бірге ұлттық киім киіп, дауыс беруге келді.
Бір шаңырақтың тоғыз мүшесінің ұлттық нақыштағы киіммен учаскеге бірге келуі бірден көзге түсті. Жеті бала тәрбиелеп отырған Гаиповтар отбасы үшін мұндай маңызды күндерге балаларын бірге ертіп жүру — отбасындағы тәрбиенің бір бөлігі.
Отбасы отағасы Ықылас Гаиповтың айтуынша, балаға азаматтық жауапкершілік туралы айтып қана қою жеткіліксіз, оны ата-ананың ісінен көрсету маңызды.
«Жеті баламызды да бүгін әдейі өзімізбен бірге алып келдік. Себебі бала айтқан сөзден гөрі көргенін көбірек есте сақтайды. Ертең олар да ержетеді, ел азаматы болады. Сол кезде өз таңдауын жасау, қоғамдағы маңызды сәттерге бейжай қарамау қалыпты нәрсе екенін кішкентайынан көріп өссе дейміз. Ал ұлттық киім — біздің болмысымыз. Балаларымыз дәстүрін біліп, ұлттық құндылықтарды құрметтеп өскенін қалаймыз», – деді Ықылас Гаипов.
Жеті баланың үлкені ата-анасымен бірге учаскедегі жағдайды қызығушылықпен бақыласа, кішкентайлары үшін бұл күн отбасымен бірге өткізген ерекше сәттердің бірі болды.
Гаиповтар отбасының №385 сайлау учаскесіне келуі дауыс беру күніндегі есте қаларлық көріністердің біріне айналды. Бір отбасының мысалында ата-анадан балаға берілетін тәрбие, ұлттық дәстүр мен азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығы көрініс тапты.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   133
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   144
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   135
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   152
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.