Четверг, 08 Октября 2026

Көкпаршылар сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, дауыс берді

Көкпаршылар сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, дауыс берді

Іле ауданы Күрті ауылдық округіндегі Ақши ауылының көкпар командасы сайлау күні ерекше белсенділік танытты. Ат үстіндегі додаларда бірге қимылдайтын шабандоздар бұл жолы Құрылтай депутаттарының сайлауына да бір кісідей жиналып келді.

Команданы Ақши ауылы көкпар құрамасының капитаны Райымбек Бөлегенов бастап келді. Аудандық, облыстық және республикалық додаларда топ жарып жүрген жігіттер сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киіммен келіп, көпшіліктің назарын аударды.

«Көкпар біз үшін тек спорт емес, атадан қалған дәстүрдің жалғасы. Сондықтан жігіттермен ақылдасып, бүгін ұлттық киіммен келуді жөн көрдік. Дәстүр тек додада емес, күнделікті өмірімізде де көрініс табуы керек деп ойлаймыз», – деді Райымбек Бөлегенов.

Ақши ауылының көкпар құрамасы аудандық және облыстық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, республикалық деңгейдегі додаларда да жүлделі орындардан көрініп жүр.

Көкпар алаңында әрқайсысының өз міндеті болғанымен, команданың мақсаты – ортақ. Сайлау күні де жігіттер бір саптан табылып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Додада тақымына сенген Іленің көкпаршылары бұл жолы ұлттық болмысымен сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   123
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   134
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   123
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   143
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.