Четверг, 08 Октября 2026

Дауыс беріп, асық атты: Алматы облысындағы сайлау учаскесінде ұлттық ойын ұйымдастырылды

Дауыс беріп, асық атты: Алматы облысындағы сайлау учаскесінде ұлттық ойын ұйымдастырылды

Талғар ауданындағы сайлау учаскесіне келген тұрғындарды ерекше тосынсый күтті. Учаске алдында қазақтың көне ұлттық ойындарының бірі – асық атудан шағын сайыс ұйымдастырылып, ниет білдірген тұрғындар мергендігі мен ептілігін сынады. Осылайша сайлаушылар дауыс беріп қана қоймай, ұлттық ойынға да қатысуға мүмкіндік алды.
Сайысқа қатысушылардың бірі Санжар Омаров ұлттық ойындарды дәріптеу ұрпақтар сабақтастығын сақтап, дәстүрді кейінгі буынға жеткізуде маңызды екенін атап өтті.
«Ұлттық дәстүр күнделікті өмірдің бір бөлігі болғанда ғана жалғасын табады. Асық ату – ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан ойын. Ол дәлдікті, сабырды, ептілікті және әр қимылды есептей білуді талап етеді. Балалар осындай жарыстарды көріп, өздері асық ойнап, үлкендерден үйренсе, бұл дәстүр ұмытылмайды. Осындай ойындар арқылы жас ұрпақ ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, бос уақытын қалай өткізгенін және қандай қасиеттерді жоғары бағалағанын тереңірек түсінеді. Жалпы, Құрылтайдың қайта жаңғыруы да тарихымызбен сабақтас», – деді Санжар Омаров.
Соңғы жылдары асық ату дәстүрлі аула ойынының аясынан шығып, ұлттық спорт түрі ретінде кеңінен насихатталып келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, ойынның ережесі мен әдіс-тәсілдері кейінгі буынға үйретілуде. Сайлау күні ұйымдастырылған шағын сайыс та тұрғындардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып, дәстүрді дәріптеуге мүмкіндік берді.

РСК Алматинской области

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   161
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   113
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   111
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.