Четверг, 08 Октября 2026

«Сайлауға – көтеріңкі көңіл-күймен»: Іле ауданындағы учаскеге Миньондар келді

«Сайлауға – көтеріңкі көңіл-күймен»: Іле ауданындағы учаскеге Миньондар келді

Іле ауданы Ащыбұлақ ауылджық округіндегі  №407 сайлау учаскесінде дауыс берудің қалыпты барысы ерекше оқиғамен есте қалды. Тұрғындар арасына әйгілі мультфильм кейіпкерлері – Миньондар келіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көңілді костюмдердің артында сайлауға алғаш рет қатысып отырған 18 жастағы үш дос тұр. Жақында кәмелет жасына толған жастар бұл маңызды сәтті ерекше форматымен атап өтуді ұйғарған.

Сары костюм киген достар сайлау учаскесіне кірген бойда-ақ көпшіліктің назарын аударып, айналадағы тұрғындарға қуаныш сыйлады.

«Үшеуіміз де жақында 18 жасқа толдық. Бүгін сайлауға алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан бұл күнді сәл өзгеше өткізіп, алғашқы дауыс беруіміз есте қалсын дедік», — деді жастардың бірі Азамат.

Азаматтық борышын ерекше кейіпте орындаған жастардың бұл қадамы ресми шараға ерекше реңк қосып, тұрғындардың есінде қалды.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   120
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   131
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   119
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   140
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.