Четверг, 08 Октября 2026

Ақын рухына тағзым: Алматы облысында Тұманбай Молдағалиевтің жұбайы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақын рухына тағзым: Алматы облысында Тұманбай Молдағалиевтің жұбайы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесіне келген сайлаушылардың қатарында қазақтың көрнекі ақыны Тұманбай Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымова да болды. Біртуар тұлғаның аяулы жары алдымен ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аруағына тағзым етті. Кейін сайлау учаскесіне кіріп, дауыс берді. Осы сәтте Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән шырқалып, сазды әуен мен мәнді өлеңнің үйлесімі халықтың ерекше ықыласына бөленді.
– Бүгін мен үшін ерекше әсерге толы күн болды. Сайлау учаскесінің Тұманбайдың атымен аталатын мәдениет үйінде орналасуының өзі жүрекке жылы тиеді. Оның сөзіне жазылған әнді естігенде, ақынның елге, жерге деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте терең сезінгендей болдық.
Сайлауда дауыс беру – әр азаматтың ел болашағы үшін жасайтын маңызды міндеті. Тұманбай өмір бойы елдің тыныштығын, халықтың бірлігін, туған жердің қадірін жырлады. Осындай бейбіт күннің қадірін білуіміз керек. Бүгін өз таңдауымды жасап, елдің ертеңіне бейжай қарамайтынымды білдірдім. Елдің жарқын болашағына үлес қосу – бәрімізге ортақ парыз. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысып, өз ұстанымын білдіруі маңызды деп санаймын, – дейді ақынның жары. 
Алматы облысының тумасы, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиев ұзақ жылдар бойы әдебиет саласында еңбек етіп, қазақ поэзиясының дамуына айрықша үлес қосты. Қайталанбас иірімдері оқырман жүрегінде мәңгі сақталды. Оның өлеңдерінен композиторлар шабыт алып, ән жазды. Ел тағдыры шешілетін айтулы күнде де ақынның есімі айрықша аталып, халық оның өнегелі өмірін ықыласпен еске алды.

Другие новости

Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   64
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   112
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   104
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.