Пятница, 09 Октября 2026

Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді

Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді

23 тамызда Қалжат ауылдық округіндегі №917 сайлау учаскесіне бір мезетте бірнеше жүк көлігі келіп тоқтады. Бұл жерге «Қалжат» кеден бекеті арқылы қатынайтын жүргізушілер аялдаған. Мақсаттары - Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу.
Дауыс бергендердің қатарында Бахтияр Мамыров, Шатлиқжан Акбаров, Қудрат Магланов және жүк тасымалы саласының өзге де өкілдері бар.
Жүргізушілердің уақытының басым бөлігі жол үстінде өтеді. Ұзақ сапар, жүк тасымалы және тығыз жұмыс кестесі олардың ұзақ аялдауына мүмкіндік бере бермейді. Соған қарамастан, жүргізушілер сайлау күні уақыт тауып, учаскеге келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Учаске маңына бірден бірнеше жүк көлігінің келуі жергілікті тұрғындардың назарын аударды. Ал жүргізушілер дауыс берген көліктеріне отырып, сапарын әрмен қарай жалғастырды.
«Қалжат» кеден бекеті өңірдегі маңызды көлік-логистикалық бағыттардың бірінде орналасқан. Бұл жолмен күн сайын ондаған жүк көлігі қатынап, түрлі бағытқа жүк тасымалдайды. Ал сайлау күні бірнеше жүргізуші сапарының тығыздығына қарамастан, учаскеге соғып, дауыстарын берді.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   128
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   138
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   129
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   148
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.