Воскресенье, 23 Августа 2026

ӨНЕР ИЕСІНІҢ ТАҢДАУЫ: ГАЗИЗА АБДИЕВА ҚОНАЕВТА ДАУЫС БЕРДІ

ӨНЕР ИЕСІНІҢ ТАҢДАУЫ: ГАЗИЗА АБДИЕВА ҚОНАЕВТА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Газиза Абдиева келіп, Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасады.
Өнер саласының өкілі елдің қоғамдық өміріндегі маңызды мәселелерге әр азаматтың өзіндік көзқарасы болуы қажет деп санайды. Оның пікірінше, Құрылтай – қоғамның ой-пікірін ортаға салып, елдің болашағына қатысты мәселелерді талқылайтын маңызды алаң.
«Құрылтайға қатысты өз таңдауымды жасауға азамат ретінде жауапкершілікпен қараймын. Себебі елдің болашағы туралы сөз болғанда, әр адамның пікірі маңызды. Мен үшін ең бастысы – елдегі бірлік пен тұрақтылықтың сақталуы, мәдениет пен өнердің дамуына мүмкіндік беретін орта қалыптасуы», – деді Газиза Абдиева.
Әртіс мәдениет пен өнердің қоғамдағы орнына да тоқталды. Оның айтуынша, ұлттық өнердің дамуы елдің рухани өмірімен тікелей байланысты.
«Өнер – халықтың рухын біріктіретін күш. Біз сахна арқылы елдің тарихын, мәдениетін, дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткіземіз. Сондықтан елдің тыныштығы мен бірлігі біз үшін аса маңызды. Мәдениетке жасалған қолдау – болашаққа жасалған инвестиция деп білемін», – деді.
Газиза Абдиеваның айтуынша, бүгінгі таңдау жеке адамның ғана емес, қоғамның келешегіне қатысты жауапкершілікті білдіреді.
«Әр азамат өз таңдауына саналы түрде қарап, елдің ертеңіне қандай үлес қоса алатынын ойлағаны жөн. Жарқын болашақ бір күнде қалыптаспайды. Ол осындай ортақ жауапкершіліктен басталады», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берген Газиза Абдиева елдің мәдениеті мен өнері өркендеп, қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлік нығая беруіне тілектестік білдірді.

Газиза Абдиева Мәкешевна
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы МКҚК «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері.

Другие новости

Алматы облысының қарттары Құрылтай сайлауына белсенді қатысты

Алматы облысының қарттары Құрылтай сайлауына белсенді қатысты

Құрылтай сайлауында Алматы облысының қазыналы қарт...

  23.08.2026   90
Топовые спортсмены Казахстана проголосовали в Алматинской области

Топовые спортсмены Казахстана проголосовали в Алматинской области

В день выборов депутатов Курултая в Алматинской об...

  23.08.2026   93
Сайлауға – отбасымен: Байкутовтар әулеті толық құрамда дауыс берді

Сайлауға – отбасымен: Байкутовтар әулеті толық құрамда дауыс берді

23 тамызда Боралдай кентіндегі №345 сайлау учаскес...

  23.08.2026   89
№349 сайлау учаскесіне ерекше қонақтар келді

№349 сайлау учаскесіне ерекше қонақтар келді

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы №349 сайлау уча...

  23.08.2026   91
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.