Вторник, 11 Августа 2026

Қонаевта желтоқсаншылар монументі бой көтереді

Қонаевта желтоқсаншылар монументі бой көтереді

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Тәуелсіздік күніне орай, желтоқсаншылармен кездесті, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында шаһар басшысы еліміздің бүгінгі жетістігі еңселі егемендіктің арқасы екенін айтты.

«Жақында Түркияға іссапарамен барып келдім. Шетелдегі әріптестер бізді «Атажұрттан келдіңдер» деп, аса құрметпен қарсы алды. Алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонау 1986 жылдан бері 37 жыл өтсе де, 16 желтоқсан ел есінде әлі жаңғырып тұр. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды», - деді Нұрлан Құматаев.

Сонымен қатар ол Қонаев қаласы – Алматы облысының орталығы болғалы орын алған өзгерістер, алдағы жоспарлар жайлы сөз етті.

«Биыл қаланың Бас жоспары бекітілді. Жалпы қалада 189 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Оның ішінде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу, инженерлік желілерді тарту, жаңа жолдар салу секілді шаралар бар. Шаһарда 6 мектеп, 3 денсаулық сақтау нысаны, спорттық-сауықтыру кешені, спорт кешені, мұз айдыны, медиа орталық, сауда-ойын-сауық кешендері және т.б. ғимараттар бой көтермек. Қаланың дамуы да, елдегі тұрақтылық та, барлығы – бостандықтың арқасы», – деді қала әкімі.

Жиынға қатысушылар болса, желтоқсаншыларға арнап монумент тұрғызылуы керек екенін айтып, ұсыныс тастады.

«Біздің қалада облысымыздың символы – Барыс мүсіні қойылған. Одан бөлек, бірнеше тұлғаларымыздың муралдары, ескерткіштері бар. Биыл Жеңіс паркі күрделі жөндеуден өтті. Тарихтан сыр шертетін мұралардың болғаны, әрине, дұрыс. Сіздердің ұсыныстарыңыз жайында көптен бері ойланып, жер қарастырып жүрміз. Келешектің еншісіндегі жоспарда қарастырылған», – деді шаһар басшысы.

Басқосу соңында желтоқсаншылар кездесу ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне алғыстарын жеткізді. Ал Нұрлан Құматаев оларға арнайы сый-сияпат, гүл шоқтарын табыс етті.

Пресс-служба акима города Қонаев.

Другие новости

Уважаемые жители города Конаев!

Уважаемые жители города Конаев!

В связи с проведением работ по модернизации теплов...

  10.08.2026   105
Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтан...

  10.08.2026   100
Акция добра и помощи

Акция добра и помощи

До начала нового учебного года остается совсем нем...

  07.08.2026   248
Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жаса...

  07.08.2026   195
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.