Понедельник, 15 Июня 2026

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.

Осы уақыт аралығында зияткер оқушылардың бағындырған белестері мен академиялық, шығармашылық бағыттағы жетістіктері аз емес. Бүгінде мектеп шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми жобаларымен, робототехника саласындағы инновациялық жаңашылдығымен елге танылып келеді.
Соның айқын дәлелі — халықаралық ареналарда топ жарып жүрген жас инженерлердің жетістігі. 11-сынып оқушыларынан құралған команда биыл АҚШ-та өткен FIRST Championship–2025 әлемдік жарысында робот құрастыру мен тапсырмаларды орындау уақыты бойынша рекорд орнатып, алтын және командалық есепте күміс медаль иеленді. Бұл жеңіс Қазақстанның әлемдік робототехника саласындағы беделін арттыра түсті.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде цифрлық тілде сөйлейтін мамандар мектеп қабырғасынан қалыптасуда. Сандық әлемнің қыр-сырын меңгерген оқушылардың сайттар, қосымшалар әзірлеу, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалану арқылы қызметтерді жетілдіруге бағытталған бастамалары жыл сайын артып келеді.
Жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігінде ұйымдастырылған жобалар көрмесінде Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Дархан Қыдырбай мен Болат Айдынұлы «An innovative method for purifying water» жобасымен I орынға ие болды.
– Біз суды тазартудың ең тиімді инновациялық жолын ұсындық. Таза ауызсу мәселесі — БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына енген, жаһандық деңгейдегі өзекті проблема. Бұл мәселенің адамзат болашағына әсері зор. Жобамыз жасанды интеллектті пайдалану арқылы су тазарту үдерісін жеңілдетуге бағытталған, – дейді жеңімпаз жобаның авторлары.
Зияткер оқушыларды Алматыдағы БҰҰ кеңсесінің басшысы Властимил Самек арнайы құттықтап, алдағы уақытта да жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар әзірлеуге шақырды.
Бүгінде зияткерлерді денсаулық сақтау, қоршаған ортаның ластануы, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету сынды өзекті мәселелер толғандырып, осы бағыттарда тың жобалар дүниеге келуде. Бұл орайда мұғалімдер екі-үш пәнді ұштастыра отырып, оқушылардың техникалық әрі шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған STEM моделін оқу үдерісіне белсенді енгізіп келеді.
– 2016 жылдан бастап мен мектепте STEM-тәсілді дамытып келемін. Бүгінде STEM ізденіске бейім мұғалімдеріміздің кәсіби жолының ажырамас бөлігіне айналды. Ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіру оқушыларға тек теорияны меңгертіп қана қоймай, нақты жобалар жасауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті информатика пәні мұғалімі Мақпал Мұқанова.
 

Другие новости

Цифровой учитель и живые педагоги: как ИИ меняет образование в Казахстане

Цифровой учитель и живые педагоги: как ИИ меняет образование в Казахстане

Искусственный интеллект в образовании и страхи в о...

  10.06.2026   272
Казахстанские школы тестируют ИИ на практике: что меняет платформа WONK

Казахстанские школы тестируют ИИ на практике: что меняет платформа WONK

Пока в Казахстане продолжаются дискуссии о&nb...

  10.06.2026   260
Оптимизация на 250 часов: как WONK внедряет AI в школы и трансформирует EdTech-рынок Казахстана

Оптимизация на 250 часов: как WONK внедряет AI в школы и трансформирует EdTech-рынок Казахстана

Пока родители по всему миру беспокоятся, что искус...

  10.06.2026   268
Яркий праздник юных звезд

Яркий праздник юных звезд

В Доме культуры села Береке Елтайского сельского о...

  09.06.2026   258
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.