Среда, 26 Августа 2026

Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады

Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады

Бүгін Петропавл қаласында Kozybayev University мен Аризона университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім алған алғашқы түлектерге бірден екі диплом – қазақстандық және америкалық жоғары оқу орындарының дипломдары табысталды. Салтанатты рәсім жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды.

Жоғары білім туралы дипломдар, сондай-ақ оқу озаттары мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт және Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла табыс етті.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасындағы серіктестік Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандырудың ең табысты үлгілерінің біріне айналды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекші шетелдік университеттерді елге тарту және отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді.

«Алғашқы шетелдік жоғары оқу орны ретінде Қазақстанда ашылған Аризона университетінің тұңғыш түлектеріне бүгін диплом табыстап жатырмыз. Бұл университет 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдап, Қазақстанда өз филиалын ашқан еді. Бүгінде бұл шешімнің толықтай өзін ақтағанын сеніммен айта аламыз. Аризона университеті Петропавлда алғаш рет микрокампус ашқан шетелдік университет қана емес. Ол академиялық сапаға, өзара сенімге және болашақ мамандарды даярлаудағы ортақ жауапкершілікке негізделген халықаралық жоғары білім берудің жаңа моделінің бастамашысына айналды», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла екі университет арасындағы серіктестік екі елдің білім беру дәстүрлері мен академиялық әлеуетін табысты ұштастырған жарқын үлгі болғанын атап өтті.

«Төрт жыл бұрын Аризона университеті мен Kozybayev University елдерімізді жақындастыратын, тілдік кедергілерді еңсеретін және әртүрлі білім беру дәстүрлерін тоғыстыратын жобаны жүзеге асыру үшін күш біріктіру туралы шешім қабылдады. Біздің серіктестігіміздің тарихы 2022 жылы қос диплом бағдарламасының іске қосылуынан басталды. Ол кезде бағдарламаға небәрі 43 студент қабылданған болатын. Қазір бұл бағдарлама бойынша 368 студент білім алып жатыр. Ал бүгін алғашқы түлектер оқуын аяқтап жатыр. Кезінде бұл жастар қалыптасқан шеңберден шығуға батылдық пен көрегендік танытқан университетке сенім артты. Бүгінде біздің түлектеріміз жаһандық әлемде көшбасшы болуға толық дайын», – деді Суреш Гаримелла.

Қазіргі таңда бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1 200-ден астам студент білім алып жатыр, оның ішінде 359 студент – қос диплом бағдарламаларының білім алушылары. Университеттер 6 қос диплом бағдарламасы мен 12 халықаралық білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Сонымен қатар геномика, агротехнологиялар, су ресурстары және күкіртті полимерлеу бағыттары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.

Қос диплом бағдарламалары бойынша алғашқы түлектердің оқуын аяқтауы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан халықаралық академиялық ынтымақтастық моделінің тиімділігін айқын дәлелдейді. Бұл тәжірибе әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Другие новости

С добрыми пожеланиями - в новый учебный год

С добрыми пожеланиями - в новый учебный год

До начала нового учебного года остаются считанные...

  26.08.2026   109
Почти половина карасайских выпускников получили гранты

Почти половина карасайских выпускников получили гранты

Согласно списку обладателей государственных гранто...

  21.08.2026   261
На образование в Алматинской области в этом году выделено 458 млрд тенге

На образование в Алматинской области в этом году выделено 458 млрд тенге

Аким Алматинской области Марат Султангазиев на зас...

  18.08.2026   456
Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

В преддверии нового учебного года в Алматинской об...

  14.08.2026   838
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.