Четверг, 08 Октября 2026

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»: Алатауда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар»: Алатауда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

2025 жылдың 6 мамырында Алматы қаласы Алатау ауданы Еңбек ықшам ауданындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен Қарулы Күштерінің құрылғанына арналған «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен және мерекенің ресми ашылуымен басталды. Жүргізушілер елін сүйген ерлердің ерлігі мен батырлығын дәріптеп, көрермендерге патриоттық рух сыйлайтын жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Салтанатты кештің алғашқы сөзі Алатау қаласының әкімі Өтенов Әркен Хамитұлына берілді. Ол Отан қорғаушылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын ерекше атап өтіп, қоғам алдындағы еңбектері үшін бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік концерт барысында отансүйгіштікке және патриоттық тәрбиеге бағытталған мазмұнды өнер бағдарламасы ұсынылды. Дәстүрлі әншілер мен өнерпаздар – сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың орындауындағы әндер мен көркем қойылымдар жұртшылықтың ерекше көңілін жаулап, мерекелік кештің сәнін арттырды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жиналған қауымның зор алғысына ие болды. Бұл концерт – ел қорғаушыларға деген құрметтің, бейбіт күннің бағасын білудің және жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісіне айналды.

Гүлназ Кеңесбаева , Алатау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы. 

Другие новости

С почтением к учителю

С почтением к учителю

Вчера в городе Қонаев звучали слова особой благода...

  05.10.2026   191
ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардақты өкілдер...

  05.10.2026   207
Семейный урок Богруновых

Семейный урок Богруновых

В преддверии Дня учителя рассказываем о педагогиче...

  05.10.2026   238
Школа нового поколения

Школа нового поколения

Школой №27 в селе Жаналык Талгарского района по пр...

  05.10.2026   191
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.