Четверг, 12 Марта 2026

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР АЛАҢЫ

Сыр өңірінде V мәрте ұйымдастырылған Ұлттық құрылтай - елдің ертеңін айқындайтын маңызды тарихи жиын. Бұл басқосуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге тоқталып, Қазақстан дамуының басты бағыттарын нақтылады.
Президент Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі рөлі жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті.  Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, ойынқұмарлық пен нашақорлыққа қарсы күрес, қоғамның моральдық-рухани тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар ономастика саласын реттеу, мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтарды енгізу арқылы еңбек адамдарының мәртебесін көтеру  әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл бастамалардың барлығы Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлттық құрылтайдың ел тарихында қалатынын атап өтіп, бірлік пен жауапкершіліктің маңызын ерекше айтты. 
Бірлікті бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек ету - ел дамуының басты кепілі. Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар халық игілігі үшін қызмет ете беретініне сенім мол.

Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы 
AMANAT партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы

Другие новости

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева  с Международным женским днем

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Международным женским днем

Дорогие женщины!От всего сердца поздравляю вас с М...

  08.03.2026   336
Александр Вучич поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием и подтвердил готовность Белграда к дальнейшему укреплению многопланового сотрудничества с Астаной

Александр Вучич поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за теплый прием и подтвердил готовность Белграда к дальнейшему укреплению многопланового сотрудничества с Астаной

В частности, Президент Сербии выразил заинтересова...

  27.02.2026   681
Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в расширенном формате

Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в расширенном формате

В Акорде состоялись переговоры Президента Республи...

  27.02.2026   623
Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в узком составе

Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в узком составе

Касым-Жомарт Токаев:– Мы считаем Сербию очень важн...

  27.02.2026   561
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.