Воскресенье, 08 Марта 2026

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 100-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 100-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Түркістан облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Алатау қалалық «Мансап» орталығының  ұйымдастыруымен Алатау қаласы, Қоянқұс ықшам ауданындағы №14 мектептің алаңында өңірдегі жұмыссыз азаматтар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Шараға Алатау қаласының Мансап орталығының басшысы Бауыржан Ерғалиұлы Семейғалиев арнайы қатысып, халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алатау қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылатынын айтып, қатысушыларға тұрақты жұмысқа орналасуларына сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеге Алатау қаласы, Жетіген, Еңбек, Жаңаарна, Құйған, Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Қоянкұс ауданынан 30 жұмыс беруші қатысып, 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде, 150-ге жуық тұрғын жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Арнайы мамандар Алатау қаласы, Қоянқұс  және Жетіген ауылдарынан келген тұрғындарды қабылдап, кеңес берді.

Другие новости

Профессии, востребованные временем

Профессии, востребованные временем

В Алматинской области подвели итоги Года рабочих п...

  28.01.2026   242
Мастера земли и труда

Мастера земли и труда

На днях в районном Доме культуры состоялось торжес...

  23.12.2025   325
Мастер на все гайки

Мастер на все гайки

В каждом селе есть настоящие профессионалы, на кот...

  11.12.2025   428
Нити надежды Айнур

Нити надежды Айнур

Многодетная мама Айнур Омиркулова, воспитывающая ч...

  02.12.2025   410
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.