Вторник, 30 Июня 2026

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары 45,5%-ға төмендеді

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары 45,5%-ға төмендеді

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Баймұхаметқызы Капсаламова мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2026 жылдың басынан бері облыста жіті ішек жұқпасының 24 жағдайы тіркелген. Оның 16-сы немесе 67 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 45,5 пайызға төмендеген. 2025 жылдың алғашқы бес айында өңірде 44 жағдай тіркеліп, оның 33-і балалар үлесіне тиесілі болған.
«Жіті ішек жұқпалары сырт көзге қарапайым көрінгенімен, әлемде де, елімізде де денсаулық сақтау саласының басты мәселелерінің бірі болып қала береді. Әсіресе жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты тағамдарда, көкөніс пен жемістерде және суда микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы жағдай қалыптасады», – деді Саулет Капсаламова.
Брифинг барысында маман ішек инфекцияларының негізгі жұғу жолдарына тоқталды. Оның айтуынша, ауру көбіне сапасыз ауыз су, дұрыс сақталмаған немесе жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген тағамдар, сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтамау салдарынан таралады. Балалар арасында ротавирустық инфекциялар жиі кездессе, жаз мезгілінде сальмонеллез және басқа да бактериялық инфекциялар көбейеді.
Жіті ішек жұқпасының негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, тоқтаусыз құсу және іш өту. Мамандардың айтуынша, аурудың ең үлкен қаупі – ағзаның сусыздануы. Бұл әсіресе жас балалар, егде жастағы адамдар және иммунитеті әлсіреген азаматтар үшін аса қауіпті.
«Ішек жұқпаларымен күресудің ең тиімді жолы – емделу емес, оның алдын алу. Әрбір азамат қол гигиенасын сақтап, тағамдарды дұрыс сақтап, қауіпсіз су тұтыну сияқты қарапайым ережелерді орындаса, көптеген аурудың алдын алуға болады», – деп атап өтті спикер.
Мамандар тұрғындарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған «Қауіпсіз тағамның 5 кілті» қағидаларын ұстануға кеңес береді. Олар: қолды сабындап жиі жуу, шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау, тағамдарды толық термиялық өңдеу, дайын асты бөлме температурасында ұзақ қалдырмау және тек қауіпсіз ауыз су мен сапалы азық-түлік пайдалану.
Брифинг соңында Саулет Капсаламова тұрғындарды қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауға шақырды.
«Жіті ішек жұқпаларының алдын алу – тек дәрігерлердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Күнделікті өмірдегі қарапайым гигиеналық дағдылар жүздеген адамның денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. "Сақтансаң – сақтармын" деген қағиданы ұстанып, тазалық мәдениетін бірге қалыптастырайық», – деді ол.

Другие новости

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары 45,5%-ға төмендеді

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары 45,5%-ға төмендеді

Алматы облысында жіті ішек жұқпалары бойынша эпиде...

  30.06.2026   88
Инвестиции в здоровье

Инвестиции в здоровье

Развитие отечественной фармацевтики, привлечение и...

  29.06.2026   180
Высокие технологии  на защите нашего здоровья

Высокие технологии на защите нашего здоровья

Для пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями...

  26.06.2026   266
В ауле Карасай сдан новый медпункт

В ауле Карасай сдан новый медпункт

В ауле Карасай Карасуского сельского округа всего...

  25.06.2026   313
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.