Воскресенье, 10 Мая 2026

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды

Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағына 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз тартылып, маусымдық жұмыспен қамтылады. Аталмыш жоба әлеуметтік осал, көпбалалы отбасылардың балаларын, NEET санатындағы жастарды қолдауға бағытталған. 

Алдағы екі ай көлемінде жас сарбаздар өңірді абаттандырып, өз өлкесін көгалдандырып қана қоймай, тиісті еңбекақысын алып, арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі. Осылайша облыс жастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эко-науқанының аясындағы жұмысты жалғастырып облыстың экологиясын жақсартуға үлес қоспақ.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов «Жасыл ел» бағдарламасы жастар үшін өңірдегі ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі екеніне тоқталып, дәстүрлі еңбек маусымының ашылуымен облыс әкімінің атынан құттықтау тілегін жеткізіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

 

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, «Жасыл ел» сарбаздары жұмыстарына бірден білек сыбана кірісіп Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны ластамау бойынша ақпараттық түсіндірме акциясын өткізді. 

Другие новости

В округе думают на шаг вперед

В округе думают на шаг вперед

Бесагашский сельский округ Талгарского района расп...

  29.04.2026   801
Бережливость как основа благополучия

Бережливость как основа благополучия

В Кегенском районе прошла встреча, посвященная про...

  27.04.2026   1033
В ответе за будущее страны

В ответе за будущее страны

Сегодня Казахстан вступает в новый исторический пе...

  26.02.2026   7557
Будущее начинается с дома

Будущее начинается с дома

В селе Бесагаш Талгарского района в средней школе...

  24.02.2026   7461
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.