Пятница, 09 Октября 2026

Ата заңды жаңғырту: құқық үстемдігі мен демократиялық дамудың жаңа кезеңі

Ата заңды жаңғырту: құқық үстемдігі мен демократиялық дамудың жаңа кезеңі

Конституциялық реформаның ауқымы мен мазмұны оның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін айқын көрсетеді. Ата заң мәтінінің 84 пайызын қамтитын түзетулер – Қазақстан Конституциясының жай жаңартылуы емес, оның мазмұндық және институционалдық тұрғыдан терең жаңғыруы. Бұл қадам қоғам сұранысы мен азаматтардың, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде қабылданып отырғанымен де құнды.
Ұсынылып отырған өзгерістер адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік басқару жүйесі Президенттік басқару формасын сақтай отырып, заман талабына сай жетілдірілмек. Жаңа бір палаталы Парламент моделінің енгізілуі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі және Конституциялық соттың рөлінің артуы – соның айқын дәлелі.
Сонымен қатар, Конституция нормаларының құқықтық және тілдік тұрғыда мұқият пысықталуы оның түсініктілігін арттырып, қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтық қоғам институттарының ел дамуына белсенді қатысуына жол ашады. Жалпы алғанда, ұсынылған конституциялық реформалар Қазақстанның құқықтық, демократиялық және әділетті мемлекет ретіндегі дамуына берік негіз қалайды.

Гүлназ Кеңесбаева, Алатау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Другие новости

Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   50
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   92
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   147
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.